Карта сайта Мобильная версия Версия для слабовидящих RSS
Государственное учреждение
"Управление по Развитию языков
Акмолинской области"
Қаз Qaz Рус

Aqmola
г. Кокшетау, ул. К.Сатпаева, 1Б, к.332
Приемная: 8 (7162) 40-11-69
E-mail: lang@akmo.kz

Ақмола облысында қазақ тілінің қанат жаюына жаңа қадам жасалды

03.10.2018

Ақмола облысында  енді орта білімді орыс тілінде алатын мектептерде қазақ тілін оқыту ісі ілгері басатын болды. Себебі биыл Ақмола облысының әкімі М.К. Мырзалиннің тікелей тапсырмасымен қазақ тілі мұғалімдерін ынталандыру мақсатында  орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» конкурсы жарияланды.Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарына,  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен алғашқы рет жалпы орта білім беру мекемелерінде қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға сабақ беретін «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» облыстық конкурсы өткізілді.Конкурстың мақсаты: Ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, жас ұрпаққа қазақ тілін үйретуде  заманауи мүмкіндіктерді пайдалануға, нәтижелі жұмыс жүргізуге мектеп мұғалімдерін  жұмылдыру. Өзін-өзі таныстыру, педагогикалық жағдайларды талдау, бейне сабақтың презентациясы, қатысушының  портфолиосы, «Әдістемелік идеялар панорамасы» шығармашылық зертханасы кезеңдері бойынша өткен облыстық конкурсқа Ақмола облысынан 15 мұғалім қатысып өз шеберліктерін танытып, тәжірибелерімен бөлісті. Конкурсқа Ақмола облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармасы, Білім саласындағы бақылау департаменті, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және облыстық оқыту-әдістемелік орталығының мамандары төрелік етіп жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сұрағанов Дамир Шоқанұлы жеңіп алды. Ал      I дәрежелі дипломды Жақсы ауданы, Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алшынбаева Жанаргүл Зиядқызы,  II дәрежелі дипломды Целиноград ауданы, № 2 Қосшы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зәмзебай Кенже Серікбекқызы, III дәрежелі дипломды Көкшетау қаласы, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кобжасарова Бибігүл Кенжеғалиқызы иеленді. 2018 жылғы 3 қазан күні  облыс әкімі  Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің қатысуымен өткен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шарада жеңімпаздар Ақмола облысы әкімдігінің дипломымен және  бас жүлде – 600 мың, I орын – 400 мың, II орын – 200 мың, III орын – 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды. Осы игілікті іс келер жылдары да жалғасын таппақ.

Ақмола облысы тілдерді дамыту

басқармасының  басшысы Марал Жақыпова

Қазақ тілінде жазылған авторлық мақала (Авторская статья написанная на казахском языке)

Страница создана: 11.10.2018 09:39
Страница обновлена: 11.10.2018 09:47
Просмотров: 26
egov.kz - государственные услуги и информация онлайн