Карта сайта Мобильная версия Версия для слабовидящих RSS
Государственное учреждение
"Управление по Развитию языков
Акмолинской области"
Қаз Qaz Рус

Aqmola
г. Кокшетау, ул. К.Сатпаева, 1Б, к.332
Приемная: 8 (7162) 40-11-69
E-mail: lang@akmo.kz

«Тіл-қазына» орталығы құрылды

27.04.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ласында қазақ­стандық қоғамның жаһандану үдерісіне еркін кірігуінің басты шарттарының бірі - латыншаға көшу, оның негізгі талабы: заманауи технологиялық ортаның, коммуникацияның, сон­дай-ақ ХХІ ғасырдағы білім берудің артық­шылы­ғына қол жеткізу екенін айтқан еді.  

Жоғарыдағы Президент тапсырмасынан кейін аталмыш сала мамандары жаңа әліпбидің әртүрлі жобаларын қоғамдық талқыға ұсынып, 26 қазан күні дұрыс деп таңдалған нұсқаны Елбасы мақұлдаған сәттен бас­тап, қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруге байланысты көптеген ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.  Атап айтқанда, Үкімет басшысы өзі басқаратын Ұлттық комиссия құрылып, нәти­же­сінде орфографиялық, әдіс­темелік, терминологиялық, сарап­тама­лық-ақпараттық жұ­мыс топтары бекітілді. Оған елі­міздегі ең білікті сала мамандары мен ғалымдар топтастырыл­ды. Қысқасы, жұмыс жүйелі жүріп жатыр. Бірақ мұндай аса ауқымды істі толыққанды ат­қару үшін барлық саланы қам­ты­ған қуатты орталық қажет.  Осы орайда, Мәдениет және спорт министрі Арыстан­бек Мұхамедиұлы кеше елор­дадағы Ұлттық академиял­ық кітап­ханаға сала мамандары мен зия­­лы қауым өкілдерін жинап, өзі басқарып отырған министр­лік­ке қарасты Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдіс­те­мелік орталығын қайта құру арқылы жаңадан «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлт­тық ғылыми-практикалық орта­лы­ғы» құрылғанын жариялады.  Министрдің айтуына қара­ғанда, жаңадан құрылып жатқан орталық біріншіден, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін қоғамға кіріктіру кезін­де ведомствоаралық жұ­мыс­­тар­ды үйлестіруі тиіс. Екінші­ден, іргелі сараптамалық зерттеулер жүр­гізіп, өз кезегінде орфо­­гра­фия­лық ережелерді да­йын­дау, олар­ды апробация­дан өт­­кізу, мем­ле­кет­тік тілді жедел үй­ре­ту үшін ғылыми-әдіс­те­мелер әзір­­­леу сияқты жұмыс­тарды атқарады. Жаңа орталықтың тізгін-шылбырын қолына алған академик, философия ғылымдары­ның докторы Ғарифолла Есім қызметке кіріспей тұрып кадр мәселесіне байланысты сүзгі жүргізгенін, бағымызға орай істі алып кетерлік кәсіби ғалымдар бар екенін айта келіп, бұл іс жаппай бұқаралық сипат алуы қажет дегенге тоқталды.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,  «Егемен Қазақстан» 27.04.2018

Толығырақ: https://egemen.kz/article/168109-til-qazyna-ortalyghy-quryldy

Қазақ тілінде жазылған авторлық мақала (Авторская статья написанная на казахском языке)

Страница создана: 10.07.2018 15:02
Страница обновлена: 12.07.2018 12:16
Просмотров: 132
egov.kz - государственные услуги и информация онлайн