Карта сайта Мобильная версия Версия для слабовидящих RSS
Государственное учреждение
"Управление по Развитию языков
Акмолинской области"
Қаз Qaz Рус

Aqmola
г. Кокшетау, ул. К.Сатпаева, 1Б, к.332
Приемная: 8 (7162) 40-11-69
E-mail: lang@akmo.kz

Өзгеріс болу үшін өзгеру қажет

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп қана қоймай, қоғамда демократиялық қайта құрулардың жүзеге асыруын тежеп, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіріп келеді. Онымен шектелмей тұрғындардың қоғамның демократиялық негізіне деген, заң мен әділдікке деген, билікке деген сеніміне кері әсер етеді.

Ел болашағы жастар деп, жас ұрпақтың бойына жаман әдетті дарытпай, сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздікті қалыптастырғымыз келеді. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша қыруар іс-шаралар жасалып жатқанына қарамастан қоғамда парақорлық дерті әлі де кездеседі. Сондықтан да, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс моделін өзгертуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек»,- деген сөзі әркімнің жеке ұстанымы болу керек деп білемін.

Қоғамдық сананы жаңғырту мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға бірдей қалыптастыру мақсатынд, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен түсірілген «Под небом правды» («Адалдық аспанының астында») деректі фильмінің көрсетілімі мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар арасында ұйымдастырылды. Бұрыннан келе жатқан емделмейтін дерт ретінде есептелетін сыбайлас жемқорлықпен күресте Сингапур, Гонконг, Португалия, Швеция сияқты елдер оң нәтиже алып жатқаны фильмде мысал ретінде айтылып кетеді. Бұл дегеніміз толықтай жеңе алмасақ та жемқорлықтың санын азайтуымызға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді. Әрине, бұл бір жақты шешіліп қоя салатын мәселе емес екені анық, сыбайлас жемқорлықпен жалпы қоғам болып күресу керек екеніміз сөзсіз. Себебі «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» демекші мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға халық тарапынан сындар айтылып, көзқарастары мен ойлары ұсынылып, талқылану нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа жолы табылып жатса мемлекет үшін де, халық үшін де игі іс болар еді.

Сондай-ақ, фильмде барынша адал, әділ болуымыз керек екені насихатталады. Халқымыз «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», деп бекер айтпаған, осыны жалпы халық болып түсінсек, қабылдасақ, санаға сіңіріп, әдетке айналдырсақ құба-құп.

 

 

Марал Жақыпова

Ақмола облысы тілдерді дамыту

басқармасының басшысы

Қазақ тілінде жазылған авторлық мақала (Авторская статья написанная на казахском языке)

Страница создана: 26.09.2018 12:45
Страница обновлена: 26.09.2018 12:45
Просмотров: 40
egov.kz - государственные услуги и информация онлайн