Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












16.05.2018

ТІЛІМІЗ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ИГІ ҚАДАМ

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі - қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама тіліміз үшін жасалған игі қадам болғалы отыр. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. 
Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі - ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі - түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтуға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.  Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық туып отырғаны да рас. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ  әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан әліпби  мен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Әліпби жасау  үшін алдымен графикалық лингвистика  теориясын терең танып,  тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар  аударып, жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де  назарға алынуы тиіс. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас-іс қағаздары, компьютер, интернет, агент арқылы хабарласулар-бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия (айталым) заңдылықтарын ұмытып, айтуын да, жазуын да орфография (жазылым) заңдылықтарымен жүруіне  итермеледі. Яғни жазу айтылымға әсер ете бастады, ал, дұрысы, жазылым айтылымға қызмет етуі тиіс. Осы орайда, тіліміздегі әріптерді қысқартып, компьютерге икемдеу керек дегенді желеу етіп, тіліміздегі бар дыбыстарды орынсыз қысқартып жіберуге де болмайтынын ескеруіміз қажет. Тілімізде бар дыбыстардың арнайы таңбасы болуы тиіс.  Бірақ қазіргі жастар арасында тілдің айтылым (орфография) және жазылым (орфография) заңдылықтарын ажырата қарамай, тек жазылым бойынша сөйлеу етек алып бара жатыр. Мысалы; «аман келді» деген тіркесте сөз арасындағы «нк» дыбыстарын біреулері сол күйінде айтса, екінші бірі «нг» (аман гелді), үшінші- «ңк» (амаң келді), төртіншісі-«ңг» (амаңгелді) деп төрт түрлі айта береді. Бұл тіркес төртіншісі тоғыспалы ықпал арқылы дұрыс айтылған. Бұл заңдылықты мектеп оқушылары түгілі кейбір ғалым ағалар да: «Қазіргі жастар бұлай айта алмайды, дәстүр-дәстүр деп артық кетуге болмайды» деп, ана тіліміздің басты ерекшілігін танытатын  үндестік заңын мойындағысы келмейді. Сонда ана тілін жете білмейтін кейбір жастардың сөйлеуі - қазіргі заңдылық та, бабалардан жеткен тіліміздің табиғи айтылымы ескірген заңдылық болғаны ма?! Қазіргі тіліміздегі қиындық бәрімізге белгілі ол - кешегі өктемсоқ кеңестік жүйенің солақай саясаты қазақ тілі дыбыс жүйесінде  жоқ орыс ё, ю, я, в, ф, х, ч, ц, ь, ъ әріптерін әліпбиімізге еріксіз енгізгені баршаға аян. Онымен қоймай, әліпбиіміз кирилл жазуына басқа тілден енген өзге сөздерді де орысша қалай айтылып-жазылса, қазақ тілінде де солай қолданылуы керек деген талап қойылды. Сөйтіп, тілімізге енген бөгде сөздерді өз заңдылықтарымызға бағындырып, қолдана бердік. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол - латынға көшу. Десек те, латын әліпбиіне көшуде қиындықтар болмайды емес, болады. Бірақ «шегірткеден қорыққан егін екпейді»   дегендей, қиындықтан қорқып қол қусырып отыруға да болмайды. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Сондықтан біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Колледжіміздің филолог мамандары латын әліпбиінің осыған дейін ұсынылған нұсқаларын талдап, осы 32 дыбыстан тұратын нұсқасын қолдану оң нәтиже беретініне сенімділік білдірді. Дегенмен, колледждің тілші мамандары ұсынылған нұсқадағы латын әліпбиіндегі әрбір әріпті салыстыра келе әлі де ойлануды қажет ететін жақтары бар екендігін анықтады. Кейбір дыбыстардың таңбаланауында әлі де болса екіұшты пікірлер де жоқ емес. Мысалы, ұ және ы дыбысын таңбалауды тағы да қарастырса жөн болар еді.  Соңғы нұсқада берілген U u (ұ) әріпін У таңбасымен берген дұрыс болар еді. Себебі, әлемдік стандартта U u таңбасы ретінде берілген. Төл сөздерімізді диграфсыз жазу жеңіл және ыңғайлы деп есептеймін. Сондай-ақ, келешек ұрпақтарымызға балабақшадан бастап оқып-жазуға осы бір нұсқа қолайлы сияқты. Ендігі басты мәселе, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын әрі қарай жетілдіріп, халыққа сіңіру біздің еншімізде.

Соңғы латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталды, сонымен қатар екі әріп диграф (ch, sh) арқылы жазылатын болды. Жаңа әліпби жасауда диакритикалық белгілер арқылы дыбыстар берілген. Төл дыбыстарды диакритикалық белгілер (ẚ-ә) (диакритикалық белгі-бір дыбыстың қосымша артикуляциялық мағынасын білдіру үшін әріпке қосылатын шартты көмекші белгі) арқылы беру А.Байтұрсынұлында ғана емес, әлемдік тәжірибеде бар дүние. Мысалы, латын графикасын қолданатын испан тілінде екі әріпте (ç, ñ), швед және фин тілдерінде үш әріпте (å, ö, ä), неміс тілінде үш әріпте (ü, ö, ä), итальян тілінде бес әріпте (ì, è, ò, à, ù), француз тілінде бес әріпте (é, è, ç, à, ù), түрік тілінде бес әріпте (ğ, ü, ş, ö, ç), венгер тілінде тоғыз әріпте (í, ö, ü, ó, ő, ú, ű, é, á), , латыш тілінде он бір әріпте (ū, ē, č, ž, š, ķ, ģ, ņ, ī, ā, ļ), литва тілінде тоғыз әріпте (ą, č, ę, ė, į, š, ų, ū, ž), мальта тілінде төрт әріпте (ċ, ġ, ħ, ż), румын тілінде бес әріпте (â, ă, î, ș, ț), словак тілінде он үш әріпте (ľ, š, č, ť, ž, ý, á, í, é, ú, ä, ň, ô), хорват тілінде бес әріпте (š, đ, ž, č, ć), чех тілінде он бір әріпте (ě, š, č, ř, ž, ý, á, í, é, ú, ů), эстон тілінде төрт әріпте (ü, õ, ö, ä) бар. Бұл тілдердің арасында үлкен сегіздікке кіретін дамыған елдердің (Германия, Франция, Италия) тілдері де, БҰҰ-ның ресми тілі саналатын француз, испан тілдері де бар. Ұлттық дыбыстарының диакритикалармен әрленген таңбалары дамыған сегіздікке кіруге де, тілдерінің БҰҰ-ның ресми тілі болуына да кедергі болған жоқ. Тіпті кейбір Шығыс Еуропа тілдерінде ұлттық дыбыстарын таңбалау үшін оннан аса әріпке әртүрлі диакритикалық таңбалар қосылған.

Жоғарыда айтқанымыздай, Еуропаның бірқатар елдері диакритикалық таңбалар арқылы ұлттық нақыштағы әліпбилерін жасап алды. Олардың ешқайсысы тілдері үшін аянып қалмағаны көрініп тұр. Тіпті дамыған елу елдің қатарына кіру ойларына келмеген кейбір елдер де қаржыларын аямай диакритикалық белгілер арқылы пернетақтаны өз тілдеріне бейімдеп алған. Технология шарықтап дамыған XXI ғасырда жоспарланған әліпби ауыстыру мүмкіндігін барынша тиімді пайдаланып, технологияны мәңгілік әліпбиге бейімдеуіміз қажет.

Ел болашағы үшін қабылданsg отырған маңызды шешімге қолдау білдіру, жақсыны үйренбекке ұмтылу - жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін.

 

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ

педагогикалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы,

гуманитарлық ғылым магистрі О.Бекмағанбетова

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT