Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












16.05.2018

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ - ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ

Латын графикасына көшу заман талабы. Бүгінде латын әліпбиі бойынша түрлі жұмыстар жүргізіліп, халыққа тың деректер беріліп келеді. Әйтсе де латын графикасына қатысты көңілімдегі жауабын таппаған ойлардың бірі оның тарихына байланысты. Біз түркі халқы түрлі таңбаны қолданып келдік. Бүгінгі күні қазақ тілі мен әліпбиі туралы сөз болғанда жиырмасыншы ғасырдағы латын графикасын қолданғанымыз айтылады. Ал біздің ұлттық жәдігеріміз «Кодекс Куманикус» латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Осы бағытта қарасақ «Түркі халқы латын әліпбиін ежелден қолданған ба?» деген сұрақ туындайды. Әрине, бұл менің жеке пікірім және ары қарай зерттеледі деп ойлаймын.

Кезінде көне Қытай ғұламасы Конфуций «айтсаң-ұмытасың, көрсетсең-есімде қалады, ал өзіме жасатсаң түсінемін» деген екен. Латын графикасына да қатысты осындай пікір айтуға болады. Себебі, бүгінгі айтылған әліпби үлкендердің санасында жаңғырып тұрмайды. Ертең-ақ ұмытылуы мүмкін. Ал біз не үшін сонда насихаттауымыз керек деген сұрақ туады. Ол - болашақ үшін. Ертеңгі ұрпақ, буын латын әліпбиінен қорықпауы керек. Бүгінгінің сөз ұстарлары осыны халық санасына, жадына сіңіруіміз керек. Ал сіңіруге тиісті адамдар бізбіз. Яғни, тіл мамандары. Менің бүінгі тақырыбыз «Латын графикасы қазақ тілін жаңғыртудың төте жолы» деп аталады. Осыған байланысты бірнеше мысалдар келтірейін. Жақында Дәурен Куреев  деген Broadcast Qazaqstan видеоблогының авторы кезекті бөлімінде шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын қарпінде жазылған өлеңін қалай оқитынын көрсетті. Экспериментке Нигерия, Филиппин, АҚШ және Қытай тұрғындары қатысты. Олар Абайдың латын әліпбиінде жазылған "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін оқып берді.  Дәурен Куреев шетелдіктер Абайдың бұл туындысын ешқашан тыңдамағанын, алғаш рет оқып тұрғанын айтты. Елбасымыз жаңа әліпби арқылы шетелдіктерге қазақ тілін үйрену, қазақ мәдениетін тану жеңіл болады деген еді. Видеоблогер эксперимент арқылы осыны тексеріп көрмекші болған екен. Иә, осы өлең егер кирилл әрпінде болса, шетелдіктер тұрмақ, шет елдегі қазақтардың өзі оқи алмас еді. Латын әліпбиінің бір оң тұсы деп толық айтуға Дәурен жүргізген экпериментті айтуға болады.

Екінші мәселелер тобы шетелден енген сөздердің жазылуы туралы туралы. Біз көптеген сөздерді орыс тілі арқылы келген соң солардың ережесі арқылы жазамыз. Терминдерді басқа да әлемге ортақ сөздерді әлем қолданысындағы сөзде емес, орысша ережеге сай қолданамыз. Мысалы,  қазақ тілінде "О" болатын дыбыстың айтқанда "А", "Ы" болып кететінін түсіндіріп бере алатын ереже жоқ. Егер ондай ереже болса, Отан дегенді "Атан" деп оқуымыз керек еді. Сондықтан, біздің тілімізге, жазу, айтылуға еніп кеткен осындай келеңсіздіктер латын графикасына көшкенде болмайды деп ойлаймын. Және "Ц", "Ч", "Һ", "Э" "Я", "Ю", "Ё", "Ъ", "Ь" деген әріптердің де көбі жаңа латын графикасымен бірге келетін заңдар мен ережелерде болмайды деп үміттенемін. Қазіргі таңда латын әліпбиі зерттелу үстінде. Мүмкін кем-кетігі дұрысталар деген ойдамыз. Осы орайда «Біз ертең Ц әрпін қалай айтамыз?» деп сұрақ қойып жүрген азаматтарымыз өз жауабын табады.

 

Қуаныш Қожабайұлы Иманбаев

Жанайдар Мусин атындағы

жоғары қазақ педагогикалық

колледжінің оқытушысы

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT