Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












17.05.2018

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылғы 17 мамырда сағат 15.00-де Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Астананың 20 жылдығына орай мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды танымал ету мақсатында «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты облыстық байқауын өткізді.

«Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты облыстық байқау мынадай тапсырмалардан тұрды:

1) қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;

2) Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

Байқау шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) мәтіндерді жатқа оқу;

3) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынды.

Байқау қатысушыларының өнерін Ақмола облыстық оқыту әдістемелік орталығының директоры, қазылар алқасының төрағасы Төлекеев Қаратай Байкенұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы және Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Қалдырбаев Тоқтарбек Құрманұлы бағалап, қазылық етті.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігін, дұрыс дыбыстауын, көркем мәтінді таңдау талғамын және сахналық образ және оқу шеберлігін ескерді.

Байқауға облыс аумағындағы аудандар және Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 15 үміткер қатысып, жүлделі І орынды Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенті Маханбетияр Жәнібек жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Қажыкенқызы Жақыпова дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері облыстық байқауының жеңімпазы Маханбетияр Жәнібек Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы тамыз айында өткізілетін республикалық байқауға қатысып, облыстың намысын қорғайтын болады. 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT