Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












24.05.2018

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы Славян жазбалары және мәдениеті күніне орай 2018 жылдың 24 мамыры күні сағат 15.00-де «Қоғамдық келісім» үйінде «Инновационные методы преподавания русского языка» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қоғамдық бірлестіктердің, зиялы қауымның өкілдері, Көкшетау қаласындағы қазақ мектептерінің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша мұғалімдері мен оқытушылары, әдіскерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жақыпова Марал Қажыкенқызы жүргізді. Іс-шара орыс тілінде өтті.

Дөңгелек үстелде «Использование инновационных технологии на уроках русского  языка и литературы для повышения качества успеваемости  в рамках программы обновленного содержания образования» туралы Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік кабинетінің орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Бигожина Бағлан Олжабаевна,  «Инновационные технологии в развитии коммуникативных компетенций» тақырыбында  С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі Нұғманова Салтанат Бекеновна, «Использование инновационных технологий в вузовской практике»  жайлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы Забинякова Галина Валентиновна,  «Инновационные методы преподавания русского языка - формирование профессиональной  компетентности учителя» тақырыбында Ж.Мусин атындағы Көкшетау Жоғары қазақ педагогикалық колледжінің орыс тілі пәні оқытушысы Жабагинова Майра Канапьяновна, «Новые подходы и особенности преподавания предмета «Русский язык» в условиях обновления содержания образования» тақырыбында Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы  Хасеинова Валентина Анатольевна орыс тілін оқытудағы жаңа әдістері, жетістіктері жайлы баяндама оқыды.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. 

Шараның соңында марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Қ.Жақыпова, «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Г.В.Осиненко, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А.Артеменко орыс тілін оқу мен оқытудағы жеткен жетістіктері үшін бірқатар оқушылар мен мұғалімдерді алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT