Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












28.05.2018

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылғы 28 мамыр күні мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру мақсатында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне және Астананың 20 жылдығына орайластырып «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық конкурсын өткізді.

Конкурс екі номинация бойынша өтті:

1. «Үздік мақала»;

2. «Үздік телебағдарлама».

Конкурс ережесіне сәйкес мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялаған журналистер қатысты. Конкурсқа қатысуға қалалық және аудандық газеттер мен телеарнадан барлығы 15 өтінім келіп түсті.

Конкурсқа ұсынылған материалдармен танысып, талдай келе, қазылар алқасы «Үздік мақала» номинация бойынша І орынды Бәйішева Гәкку Асылбекқызына («Көкшетау» газеті), ІІ орынды Нұрсейітов Марат Мырзайұлына («Акмолинская правда» газеті), ІІІ орынды Ахметқалиева Ырысалды Төлегенқызына («Арқа ажары» газеті) беру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, қазылар алқасының ұйғарымымен Оспанов Дәулет Әмірұлына («Бұқпа» газеті»), Сатыбалдинова Аружан Қанатқызына («Степной маяк» газеті), Маханов Руслан Жалғасбайұлына («Аршалы айнасы» газеті) ынталандыру сыйлығы берілді.

«Үздік телебағдарлама» номинация бойынша І орын Шамшиева Фариза Рахмедуллақызына («Степногорск қаласының Медиа орталығы» ЖШС, 9 канал), ІІ орын Манарбек Ауғанбек Манарбекұлына («РТРК «Қазақстан» АҚ Ақмола облыстық филиалы) берілді.

Шара соңында естелік суретке түсіп, жиналғандар тарқасты.

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT