Жарияланған жаңа материалдар мен барлық өзгерістерден хабардар болу үшін таратылымға жазылуыңызға болады.

Тіркелгеннен кейін е-mail-ға хабарлама түседі, пошталық таратылымды алу үшін оны растауыңызды өтінеміз.






Обозреватель государственной службы

«    Июнь 2018    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 












19.05.2018

Тарихи атауы «Табия» еді

Қойнауы қазынаға толы қазақ елі ғажайып құндылықтарға да бай. Бір шеті Алтай мен Атыраудың арасын жалғап, енді бір қиыры Алатау мен Арқадан ары асып жатқан ұлан-ғайыр өлкеде не жоқ дейсіз? Орман-тоғайлы атыраптары, аққу-қазы қалықтап, балығы тайдай тулаған өзен-көлдері қандай. Қойнауы құт, тылсым тарихқа бөккен әр белесі сыбдырлап сыр шертіп тұрмай ма? ЖЕРІҢНІҢ АТЫ - ТАРИХТЫҢ ХАТЫ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бізді бейжай қалдырмасы анық. Ол өзіңнің туған жеріңнің тарихы мен жүріп өткен жолдарыңды білу, туған жерге деген құрмет. Кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншілік, еліңе, жеріңе деген патриоттық сезім. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың қасиетті мекені - Ұлытау төріне ат басын тіреп, қалың жұртшылық алдында еліміздің тағдыры, тіліміздің тарихы мен дініміз туралы толғанып: «Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Одан кейін Көк түріктерге жалғасып, Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандык дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз», - деген болатын. Міне, соның бірі - Есіл өңірінде орналасқан ең ірі Красивое ауылы туралы болмақ. 2005 жылы 100 жылдығын атап өттік. Бүгінде жүз он жылдан артық тарихы бар бұл ауыл кезінде Табия ауылы болатын. Ол неліктен Табия деп аталды? Сол туралы сөз қозғап тарих қойнауына үңілсек, біраз жайтты аңғарамыз. Әбдірахман, Сейтіғали, Есмолда, Кенжеғали, Нұртаза сияқты қариялар жиналған жерде туған жер туралы сыр шертетін. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары мен жұмыс бабымен Красивинский селолық кеңесінде еңбек жолын бастадым. Кейде туған ауылым Игілікке барғанда атам Сейтіғали (әкемнің ағасы) Красивое ауылында еңбек етіп жатырмын де- генде, ол өзіміздің Табия ауылы ғой. Қара шекпенділер жаппай көшіп келіп, атын өзгертіп жіберді, - деп қынжылатын. Шынында да, бүгінгі Красивое ауылы - кешегі Табия ауылы. Атамның айтуы бойынша, он тоғызыншы ғасырдың 1860-1870 жылдары Кекшетаудың Зеренді өңірінің бір бай адамы Батпақкөл, Жыландыкөл маңайын жайласа керек. Күзгі суық түскенше мал- дарын осы жерде баққан. Сол көш қазіргі Красивое ауылының оңтүстік жағындағы төбешікке дамылдап, бой жазған. Аяқ астынан байдың Табия есімді қызы ауырып қайтыс болады. Жас қызды сол төбешіктің етегіне жерлейді. Табияның сұлулығына тәнті адамдар ауылдың атын Табия деп атап кеткен. Ресей патшалығының Столыпин жер реформасы 1899 жылы басталғаны тарихтан белгілі. 1900 жылдан бастап, бертінге дейін Еуропаның оңтүстік-батыс губерниясынан шарасыздан қоныс аударушылар саны көбейіп, осы Табия ауылына қоныстанған. Табияның сұлулығына тамсанған қара шекпенділер ауылды Красивое деп атап кеткен. Ал, 1939 жылы Қарталы-Ақмола темір жолы тартылғанда жол бекетін Красивая-казахский деп атаған. Содан бүгінгі күнге дейін солай аталады. Аталарымның айтуы бойынша, келген байлар шіркеуін салып, мойындарына жарқыраған крест асынып, сақалдарын кеудесіне дейін жіберіп, қара киім киіп жүрген. Өздерінің араларынан староста сайлаған. Соның айғағы болар 1911 жылғы 15 қыркүйектегі №18 «ОМСКІ-ЕПАРХІАЬИЫ ВЕДОМОСТИ» деген газетте шіркеу старостасы болып шаруа Тарасий Воевода сайланған. Қазақтар өз жерінен ығыстырылып, көшуге мәжбүр болған. Бертін келе Табия сұлудың басына құлпытас орнатылғаны белгілі болды. Оны 1970 жылы өзім көрдім. Арабша жазылған. Сол кезде оны оқып, аударып беретін ешкім табылмады. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары шалғыны жайқалған адырдың төменгі жағы да жыртылып, құлпытастардың быт-шыты шықты. Бұл 1975 жыл болатын. Колхоз басқармасының кеңейтілген отырысында №3 бригада жерінде орналасқан қазақ қорымының жыртылып, қойылған құлпытастардың шашылып қалғанын айтып, шұғыл шара қолданылуы қажет деп депутаттық сауал жолдадым. Осы алқапты жыртуға қатысқан партия мүшелері бір-бір сөгіс арқалап, мәселе оң шешімін тапты. Айтқандай-ақ, ертеңіне жұмысшылар одағының төрағасы мен жергілікті партия комитеті хатшысының қатысуымен қорымның айналасына айшықталған темір шарбақ орнаттық. Көне жазуы бар құлпытас табылмады. Тек бертін қойылған екінші құлпытастың жартысы мәйіт жатқан жерден 50-60 метр қашықтықтан табылып, қорымға қайта қойылды. Бүгінгі күні Табия сұлудың жатқан жері қоршалған, анадайдан көзге көрініп тұрады. Соңғы кездері қыз сұлуы Табия туралы аңыз әңгімелер пайда болды. Дидар деген қазақ жігіті сұлу қыз Табияға ғашық болыпты деген алып қашпа сөздердің негізі жоқ. Мұның барлығы ойдан шығарылған. Ақиқаты - жоғарыдағы жазылған жайлар мен көнекөз қариялардың айтқан әңгімелері. Бүгінгі күні Красивое ауылындағы қазақтар жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Аралас мектебіміз бар. Мәдени ошақтар да жұмыс істеп тұр. Бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтары бар. Қорыта айтқанда, Красивое ауылына бұрынғы Табия тарихи атауы берілсе, жақсы болар еді. Себебі, жоғарыдағы жазылғандардың барлығы біздің тарихымыз.

Амангелді ЕСТАЙ, зейнеткер.

Красивое ауылы, Есіл ауданы.

Арқа ажары 19.05.2018ж. 

 

 

 

Жаңалықтар архивы

 

Мекен жай: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев к., 1 «Б», 332-каб.
Қабылдау бөлмесі/сенім телефоны: 8(7162) 40-11-69
Е-mail: lang@akmo.kz
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Разработка сайта IT-Expert
Лицензионная версия MSWS-IT